$ 448.89  477.93  4.76

Жас өнерпаз Алматыға арнап ән шығарды

Ондағы мақсат – Алматы қауіпсіз әрі гүлденген қала болсын деген игі ниет дейді жоба авторлары. Жас әнші бейнебаянда көпшілікті жақсы амалдар жасауға шақырады.

Алматыда «Жастар жылы» мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас өнерпаздың Алматыға арналған әнінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Белгілі кәсіпкер, қазақ өнерінің жанашыры Дулат Тастекейдің қызы Аружан Тастекей Алматы қаласына ән арнады. «Менің қалам» деп аталатын әннің су жаңа бейнебаяны шаһардың көрікті жерлерінде түсірілген екен.

Алматыда аталмыш бейнебаянның таныстырылымы өтті. Шараға Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Бақыт Шадаева, Төреғали Төреәлі, Қуандық Рахым т.б өнер майталмандары қатысты.

Бейнебаян бүгінгі қоғамдағы болып жатқан келеңсіздіктерді көрсетіп, онымен күресу жолын нұсқайды. Ондағы мақсат – Алматы қауіпсіз әрі гүлденген қала болсын деген игі ниет дейді жоба авторлары. Жас әнші бейнебаянда көпшілікті жақсы амалдар жасауға шақырады. Мұндай жанашырлық Алматыны шын жақсы көргендіктен дейді жас әнші.

«Бұл клипте біз қаламызға деген сүйіспеншілікпен қатар проблемаларды да айтамыз. Алматының ең әсем жерлері Шымбұлақ, Медеу, Көктөбені көрсетеміз. Мәселен, Көктөбеге шыққанда қаламыздың бәрі көрінеді. Өте әдемі», – деді әнші Аружан Тастекей.

«Менің қалам» әні – алып шаһар Алматының бүгінгі бейнесін айшықтайтын туынды.

Аружан Тастекей Алматы қаласының тумасы, өз қаласын ерекше жақсы көреді. Ол өзінің жаңа бейнебаянында бүгінгі қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіздіктерді көрсетіп, онымен күреседі.

Жақсылықты ту етіп, ұрлық, әлімжеттік, бүлікшіліктің алдын алып, көпшілікті жақсы амалдар жасауға шақырады.

Жас өнерпаз осылайша тыңдармандарына ой салып, өскелең ұрпақ үшін қаламыздың гүлденгенін, қауіпсіз болғаны аса маңызды екенін аңғартады.

Жаңа әннің авторы – белгілі музыкант Самат Рыспанбет, бейнебаянның қоюшы режиссеры – Азамат Ержанұлы. Клиптің түсірілім жұмыстарына 30 адамнан тұратын шығармашылық топ атсалысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары