$ 445.66  474.58  4.78

«Рухани жаңғыру»: Алматыда көп балалы аналарға арналған тренинг өтті

Аталған тренинг өндірістік оқыту шеберлерден, кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары А. Түгелбаев мен М. Әбуевтен шебер-класс түрінде өтті.

Алматыда Әуезов аудандық әкімдігінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көп балалы аналар үшін базалық тренинг өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Алматы қаласы, Әуезов ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сайран Сайфеденовтің қатысуымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу және «Бақытты отбасы» Әлеуметтік орталықтың қызметі аясында, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде аспаздық дағдылар бойынша, көпбалалы аналар үшін, базалық тренинг өткізілді. 

Аталған тренинг өндірістік оқыту шеберлерден, кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары А. Түгелбаев мен М. Әбуевтен шебер-класс түрінде өтті. 

Сайран Сайфеденов орталықтың жұмысы, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға деген мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы айтып, көпбалалы аналарға зор денсаулық пен отбасылық амандығын тіледі. 

Алматы қаласы, Әуезов ауданында «Бақытты отбасы» Әлеуметтік орталық ашылып, өз қызметін жүргізуде. 
Ашылғаннан бері, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына 3 714 қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 828 адамға сауалнама өткізілді; 708 адам базалық тренингтен өтті; 122 адам «Бизнес бастау» оқуына қатысты; 10 адам демеушілер арқылы, бизнесін бастады; екеуі шағын несиеге тапсырыс берді; 15 адам грантқа тапсырыс беріп, оның бесеуі грантқа ие болды. 

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің әкімшілігі Әуезов ауданының әкімі аппаратына, «Бақытты отбасы» жобасына үлесін қосуға мүмкіндік бергені үшін, алғысын білдіріп, барлығын Тұңғын Президент күнімен құттықтап, Отанымызға бейбітшілік пен өркендеуін, барлық отбасыларға бақыт пен сәттілік тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тренинг