$ 498.34  519.72  4.85

Шымкенттегі «Ескі қалашықта» екі жүзден астам адам жұмыс істеп жатыр

Атап айтсақ, қазір Цитадельдегі құрылысшылар саны 120 болса, археологиялық қазба жұмыстарымен айналысатын адамдар саны 100-ге жуық.

Келер жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанатын Шымкентте қызу дайындық жүріп жатыр. Цитадельдегі құрылыстың сапасы Ерлан Айтахановтың қатаң бақылауында, деп хабарлайды Sn.kz.

Шымкент қаласындағы «Ескі қалашық» атымен танымал орталық бүгінде қызу құрылыс алаңына айналған. 5 гектардай жерді алып жатқан Цитадельде құрылыс жұмыстар қарқын алған. Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов апта сайын ол жерді аралап, құрылысты өзі қадағалауда. 

Атап айтсақ, қазір Цитадельдегі құрылысшылар саны 120 болса, археологиялық қазба жұмыстарымен айналысатын адамдар саны 100-ге жуық. 

Еске сала кетсек, ғасырлар тоғысқан Цитадель қаланың негізгі туристік нысандарының бірі болмақ. Онда 500 орындық амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтеріп, қаланың көркіне айналады. Жоспар бойынша Ескі қала бекінісін қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы аяқталатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент