$ 446.49  475.38  4.79

Қарағанды облысында көктайғақтан жаппай көліктер соқтығысып жатыр

Арнайы тексерістерден кейін кім кінәлі екендігі анықталады.

Қарағанды облысында көктайғақ пен тұман басқан жолдың салдарынан жаппай автокөліктер соқтығысып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жол оқиғасы 10 желтоқсан күні сағат 13:30 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолында болған. Келіп түскен ақпарат бойынша, Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға бет ауып келе жатқан 48 жастағы жүргізушінің жүк көлігін тайғанақтай бастапты. Оның артында келе жатқан Volkswagen және Audi көліктерінің жүргізушілері белгіленген қашықтық пен жылдамдықты сақтамағандықтан жүк көлігін барып соқтығысыпты", - делінген Қарағанды облыстық ПД-нің хабарламасында. 

Бұны байқаған Lada Vesta маркалы көлікті тізгіндеген азамат жолдың жиегіне шығып есігін ашпақшы болғанда, Toyota Highlander көлігі есікті жұлып кетіп, жол сыртына ұшып кетіпті. 

"Бес көлік соқтығысқан жол апатында үш адам жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізілді. Арнайы тексерістерден кейін кім кінәлі екендігі анықталады", - деді ПД-нің қызметкерлері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары