$ 494.87  520.65  4.91

«Олимп»-ке ҰҚК басып кіргенімен букмекерлік кеңсенің жұмысы әлі жалғасуда

Ойын бизнесі туралы заң бойынша кез келген ойын аппараттарының сервері Қазақстан аумағында болуы керек екен. Ал "Олимпке" қатысты істе сот сервердің қайда екенін анықтай алмапты.
фото: 2gis.kz
фото: 2gis.kz

«Олимп» букмекерлік кеңсесі жұмысын әлі тоқтатпапты. Еліміздегі ең ірі букмекерлік кеңсеге Қазақстан заңнамасының нормаларын бұзып, интернет-ресурстар арқылы лицензияланбаған қызмет көрсеткен, табыстан салық төлемеген деген айыптар тағылып, 2019 жылдың 29 қарашасында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Олимп» сауда белгісі мен «Only bet» және «Alpha bet» компанияларына берілген лицензия қолданысын 6 ай мерзімге тоқтатқан еді. Алайда букмекерлік кеңсенің есіктері әлі айқара ашық тұр екен, деп хабарлайды Stan.kz 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ойын бизнесі туралы заң бойынша кез келген ойын аппараттарының сервері Қазақстан аумағында болуы керек екен. Ал "Олимпке" қатысты істе сот сервердің қайда екенін анықтай алмапты. Тек "Омастрой" ЖШС Траковецк есімді ақпараттық технологиялар саласындағы тәуелсіз маманы мен Алматы қаласы ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерінің түсіндіруінше бұл сервер Германияда болуы мүмкін. Осыдан кейін әкімшілік сот лицензияларды тоқтату туралы шешімін шығарады. 

6 желтоқсан күні ҰҚК арнайы операцияның видеосын өзінің ресми сайтына салып жіберген еді.

Бірақ "Олимп" кеңсесі оңай жата салғысы келмейтіндігін көрсетті. Өздерінің сайттарында ҰҚК ақпараты шындыққа сәйкес келмейді деп хабарлап, жуық арада сот қаулысына шағымданатынын жазған. Бұдан кейін "Олимп" Алматы қалалық сотына осы қаулының күшін жою туралы өтініш білдіргенімен, шешім күшінде қалып, одан әрі шағымдануға жатпайды делінген. Алайда соған қарамастан букмекерлік орталықтың жұмысы қызу жүріп жатыр. 

Ал осы істе "Олимп" кеңсесінің қорғаушысы болып жүрген заңгер Джохар Өтебеков әкімшілік істің адам түсінбейтін түстары көп болып тұр дейді. 

"Мен ҰҚК-нің бұл ақпаратты неліктен жарияға жар салғанын мүлдем түсінбеймін. Себебі комитеттің әкімшілік іске түкте қатысы жоқ. Бұл шешім әлі заңды күшіне енбеген. Қаулы тек 3 желтоқсан күні соттың базасына тіркелген. Сол себепті менің қолымда 13 желтоқсаннан кейін апелляциялық шағым беруге болатыны жайлы қағаз бар. Алайда әкімшілік сотта жаппай түсініксіз жағдайлар орын алып, заңбұзушылық байқалуда. Ал судья Еділова сот заңды күшіне енді деп айтып отыр", - деді адвокат Джохар Өтебеков. 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты "Олимп" букмекерлік компаниясының есепшотын бұғаттап, тінтутуралы шешім шығарған. Ал бұдан бірінші кезекте букмекер емес, ойыншылар зардап шегеді дейді сарапшылар. 

"Мамандарға сенсек "Олимп" кеңсесі ойын нарығындағы ең ірі ойыншы ұйым. Оған нарықтағы 70 пайыз букмекер қызметі тиесілі екен. "Олимп" түбегейлі жабылса, ойыншылар басқа букмекерге ауыса салады. Ал мұнда аз ақша ойналмайды.

"Олимпте ойнап жүргеніме бір жыл болып қалды. Ең көбі милионнан асып кетті ғой",- деді ойыншылардың бірі Азамат Бақбергенов. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Олимп" букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылғаны жайлы айтқан едік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары