$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Мешіт имамдарының ұйымдастыруымен 30 мыңға жуық шара өткен

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласына жасаған ресми сапары барысында Орталық мешіт жамағатымен жүздесіп, жұма хұтпасын оқыды.

Жыл басынан бері Алматыда Қазақста Мұсылмандары Діни басқармасы мен Алматы қаласы бойынша Мешіт имамдарының ұйымдастыруымен 30 мыңға жуық шара өтіп, оған 2,5 миллионға жуық адам қатысқан. Кеше ҚМДБ Орталық аппаратында есеп берген Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқай осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Sn.kz хабарлайды. 

Аталмыш іс-шаралардың дені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен өткізілген. 

«2019 жылы Алматы қаласы бойынша 29 614 шара өткізіліп, оған 1 746 425 адам қатысты. Имамдарымыз қала бойынша түрлі мекемелерде 356 кездесуге қатысып, 11 417 адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
Ал ақшам намаздарында 33 660 уағыз айтылып, оған 2,5 млн жамағат қатысты. Бұдан бөлек жамағатқа тұрақты дәріс жүргізілуде», деді бас имам Еркінбек Шоқай.

Ал бүгін Алматыдағы Орталық мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласына жасаған ресми сапары барысында Орталық мешіт жамағатымен жүздесіп, жұма хұтпасын оқыды. 

Ал ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай қажы Құрбанұлы «Ата-ананың қадірі» тақырыбында уағыз айтты.

Жұма намазына имамдық еткен Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мешіт жамағатымен жүздесіп, сұхбаттасты. Жұма намазынан кейін Алматы қаласының бас имамы Еркінбай Шоқай Құран оқып, бұрынғы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бата жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бас имам