$ 443.35  475.54  4.82

Әкемтеатр алматылықтарға жаңа қойылым ұсынбақ

Аталмыш іс-шара 12 желтоқсанға жоспарланған.

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры көрермендерге жаңа қойылым ұсынбақ, деп хабарлайды Sn.kz. 

Жаңа қойылымның премьерасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. 

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры алматылықтаға көрнекті жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінің желісінде қойылған, режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың «ҚАР ҚЫЗЫ» спектаклін ұсынатынын хабарлады. 

Премьера қарсаңында журналистерге арналған баспасөз конференциясы өтеді. Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен театр фойесінде Оралхан Бөкейге арналған галлерея және театрымыздың  «Музей» бөлімінің ұйымдастыруымен «Қар қызы» спектаклінде ойнайтын артистердің галлереясы көрерменге ұсынылады.

Аталмыш іс-шара 12 желтоқсанға жоспарланған.  

Қойылымның шығармашылық құрамы:
Қоюшы-режиссер  – Жұлдызбек Жұманбай, 
Режиссердың ассистенты  – Куаныш Беисагалиев,
Қоюшы-суретші  – Алтынай Жүсіпәлі,
Балетмейстер   – Карина Джиренбаева,
Режиссердың көмекшісі  –  Сумбат Гениярова.

Спектакль көрнекті жазушы-драматург О.Бөкейдің «Қар қызы» повесінің сахналық нұсқасы бойынша қойылды. Қыс ортасында мал азығы таусылып, трактормен алыстан шөп әкелуге шыққан үш жас жігіт ақ қар, көк мұзды тау арасында жолдан адасады. Айнала аппақ әлем, үскірік аяз. Үсіп өлу қаупі туған кейіпкерлер үшін өмір мен өлімнің арпалысы басталып, олардың шынайы болмыстары да ашыла түседі.Осы бір қиын сапардың басында олар Қоңқайға, ал, соңында «...Қоңқай зәлім жеңбесін деп Айыртауда отырған». Сиыршы шалға жолығуы бекер емес. Әлемде жамандық жайлап кетпеуі үшін оған жақсылық қарсы тұрады. Өмірдің ұлы тепе-теңдік заңдарының бірі осы болса керек...

Қойылымның актерлік құрамы:
Нұржан  - Е.Дайыров, К.Беисағалиев, М.Асаубай,
Аманжан - Жанат Тыныбаев, Алихан Лепесбаев,
Бақытжан - Шерхан Пірназаров, Ришат Жұрынбай,
Қоңқай шал - Тұңғышбай Жаманқұлов, Бауыржан Қаптағай,
Сиыршы шал - Төлеубек Аралбай, Үсіпхан Сейтімбет,
Жылқышының қызы  - Әсел Сайлауова, Әсел Абдыхамитова,
Қолшатырлы қыз - Мадина Келгенбай, Майра Абсадыкова,
Қар қызы  - Динара Усенова, Индира Меңдібаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қойылым