Алматыдағы Нархоз Университеті «Орталық Азиядағы азаматтық білім беру жобасы» идеясын жүзеге асыру аясында алғаш рет INSIGHT (Inside) Narxoz есеп беру кездесуін ұйымдастырды, деп хабарлайды Sn.kz.
Аталмыш іс-шара 7 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Көпшілік алдында Университет басшылығымен Нархоздың білім беру мен ғылыми-инновациялық қызметі, соңғы жылдардағы жетістіктері, дамудың бастапқы стратегиялық міндеттері мен бағыттарының толық талдауы таныстырылды.
Іс-шараның басты мақсаты да қоғам назарын Қазақстанның білім беру саласының дамуына жұмылдыру болған дейді ұйымдастырушылар.
Жоғарғы оқу орындары қызметкерлер даярлау және ғылыми білімді жетілдіру ролімен шектелмей, қазіргі таңда қоғамдық үрдістерді басқару орталықтарына айналып, экономикалық, саяси және рухани өзгерістердің байқуатты көзі болып табылады.
Іс-шараның арнайы қонағы - ресейлік танымал кәсіпкер мен венчурлық филантроп, Мәскеулік «Сколково» басқару мектебінің негізін қалаушылардың бірі және оның экс-президенті Рубен Варданян болды. Оның жұмысының негізгі бағытты ғылым, білім беру жобалары мен жас дарындарды қолдау болып табылады. Сарапшы «Болашаққа қарай миграция» атты тақырыпта ой қозғап, «Сколковоны» дамыту тәжірибесі жайында баяндады.
INSIGHT (Inside) Narxoz жыл сайынғы есеп беру кездесуі білім беру секторының негізгі стейкхолдерлерін біріктіреді: директорлар кеңесі, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдері, университеттің медиа, бизнес-серіктестері, түлектері, қызметкерлері және студенттері.
Ақпарат үшін айта кетейік, Алматыдағы Нархоз Университеті - Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының жаңа әдістерін талқылайтын интерактивті алаңына айналған. Форумның бағдарламасы мен рухы іс-шара қатысушалырының күштерін ұзақ мерзімді экономикалық дамудағы жолдарды айқындауға бағыттайды. Ал INSIGHT (Inside) Narxoz есеп беру кездесуі – университет пен қоғам өзара әрекеттесуінің жаңа форматы.