$ 439.43  473.31  4.82

Алматыда бұрынғы Ішкі істер министрі Андрей Платаев туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Кітап тұсаукесеріне экс-министр Андрей Платаевтың жақын туыстары мен бұрынғы әріптестері, Алматы қалалық ІІД-нің қазіргі басшылығы мен жас құқық қорғаушылар және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Алматыдағы полиция музейінде Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Андрей Платаевтың кітабының тұсауесері өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен өтті. 

Кітап тұсаукесеріне экс-министр Андрей Платаевтың жақын туыстары мен бұрынғы әріптестері, Алматы қалалық ІІД-нің қазіргі басшылығы мен жас құқық қорғаушылар және зиялы қауым өкілдері қатысты. 
Іс-шараның ашылуында отставкадағы милиция генерал-майоры Эрнст Бсаров сөз алды. 

«Бүгін мен үшін осы шараға қатысу үлкен  құрмет. Қазақ Республикасының Ішкі министрістер лауазымына Андрей Георгиевич Платаев 1980 жылдың қаңтарында тағайындалған еді. Ол кезде Компартияның Орталық комитеті тағайындаған. Андей Платаевпен бірге жүріп, еліміздің барлық өңірін, құқық қорғау бөлімдері мен тәртіптік-еңбек мекемелерін аралап шығу бағыты маған бұйырды. Бұл түрлі-түсті қағазда басылып шыққан кітап Осы бір ерекше құрметті адамның автобиографиясы, оның ел қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін сіңірген үлесі мен еткен еңбегі туралы кеңінен баяндайды», - деді ішкі істер органының ардагері. 

Өз кезегінде Алматы қаласы Полиция басқармасы басшысының орынбасары Ержан Оразбеков Андрей Платаевтың даңқты әрі ғибратты ғұмыры құқық қорғау органдарындағы жас ұрпаққа үлкен өнеге екенін атап өтті. 

«Біз бүгін Қазақстанынң бұрынғы Ішкі істер министрінің ел үшін сіңірген еңбегін елеп, оның өмірін кейінгі буынға насихаттау үшін жиылдық. Ол 64 жыл өмір сүрсе де, ол туралы тарих ұзаққа қалады. Андрей Платаевтың өмірінің үзік сырлары осы кітапта кеңінен баяндалған екен», деді полковник Оразбеков. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары