9 желтоқсан күні Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында Қазақстан Жазушылар одағының кезекті пленумы өтеді, деп хабарлайды Sn.kz сайты.
Аталмыш іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылғалы отыр. Қазақстан Жазушылары одағының құрылғанына 85 жыл толуынан орай өткізіліп отырған мерекелік Пленумға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлва мен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысады деп жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Жазушылары одағының I Пленумы былтыр өткен. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған ол Плунем «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ әдебиеті» тақырыбына арналған болатын. Онда зиялы қауым өкілдері Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылап, әдеби қауымның алдында тұрған келелі мәселелерді ортаға салған.
Пленумда баяндама жасаған Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет Президент мақаласының мән-маңызына, құндылығына тоқталған. Ал осы жолғы Пленум Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толуына орайластырылып отыр.
Естеріңізде болса, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев биыл тамызда ҚР Жазушылар одағына арнайы барып, қаламгерлер қауымымен кездескен еді.
Онда Одақтың, одаққа қарасты ұйымдар мен басылымдардың («Қазақ әдебиеті» гәзеті, «Жұлдыз» журналы, «Простор» журналы) материалдық жағдайы талқы болған.
Сол жолғы жиында қала басшысы Бақытжан Әбдірұлы Қазақстан Жазушылары одағы ғимаратының күрделу жөндеуден өтетінін, ол үшін бюджеттен арнайы қаржы бөлінгенін, қала әкімдігі Жазушылар одағының 85 жылдығын атап өтуге қолдау көрсететінін айтқан.