$ 441.66  475.14  4.86

«Рухани жаңғыру»: Алматыда «Urban Forum-Алматы» іс-шарасы өтті

Махламяки мырзаның пікірінше, қазіргі заманғы архитектураның дамуы үш өзара байланысқан трендтерге — сыртқы әсерлерге тұрақтылыққа, қала белсенділері мен тұрғындарын қалалардың келбетін жобалауға тартуға, сондай-ақ, жергілікті мәнмәтінге назар аударуға бейім.

Алматыға қазіргі заманның беделді еуропалық сәулетшілерінің бірі Райнер Махламяки келді. Профессор қазақстандық қалалардың болашақ келбетінің авторлары — қазақ студенттеріне архитектураның мәні туралы дәріс оқиды, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. 

Алматы, Urban Forum Kazakhstan қорының және Tikkurila компаниясының «Қалалар мен адамдар» білім беру бағдарламасы аясында шақырылған Райнер Махламяки заманауи архитектура және урбанистика туралы кәсіби қауымдастықтың білімін кеңейтуді көздеп отыр. Сәулетші дәрісінің негізі соңғы 100 жылдағы фин сәулетшілік өнерінің тарихы болады.

Фин сәулет мектебінің тәжірибесі объектілерді жобалауда өзінің гуманистік тәсілімен қызықты. Фин концепциясы бойынша құрылатын білім беру мекемелері оқуға ынталандырады, монументалды ғимараттар рухтандырады, ал тұрғын үйлер әлеммен үйлесімде өмір сүруге көмектеседі.

«Архитектуралық шешім ешбір жағдайда орта дизайнынан басым болмауы тиіс, - дейді Райнер МАХЛАМЯКИ. - Әлемді қайта құру идеясына қол жеткізу емес, қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау маңызды. Өйткені, архитектурадағы ең бастысы – қабырғалар немесе жабындар емес, кеңістік пен атмосфера».

Махламяки мырзаның пікірінше, қазіргі заманғы архитектураның дамуы үш өзара байланысқан трендтерге — сыртқы әсерлерге тұрақтылыққа, қала белсенділері мен тұрғындарын қалалардың келбетін жобалауға тартуға, сондай-ақ, жергілікті мәнмәтінге назар аударуға бейім.

Сыртқы әсерлерге тұрақтылық – бұл қаланың өзінің сәйкестігін сақтай отырып, өсу және өзгеру қабілеті. Қала тұрғындары мен пікір көшбасшыларының белсенді қатысуынсыз абаттандыру мүмкін емес. Олар көбінесе қаланың нақты мұқтаждықтарын анықтауға ғана емес, сонымен қатар оның бірегей сәулет-құрылыс дәстүрлерін сақтауға көмектеседі.     

Сәулет компанияларының қалалық қоғамдық кеңестермен ынтымақтастығы әлемдік норма болып табылады. Мысалы, Хельсинкиде Райнер Махламякидің бюросы көлік және теміржол вокзалын, туристік және сауда орталығын, офистік жайлар мен тұрақ аймағын қамтитын Tikkurila сауда-туристік орталығын жобалауда жұмыс істейді. Тарихи ғимараттар ансамблінің тұтастығын бұзбау үшін, көлік маршруттарының жұмыс істеуіне кедергі келтірмеу және қоршаған ортамен органикалық үйлесіп кету үшін сәулетшілер командасы қалалық даму тобымен өзара іс-қимыл жасайды.

Қазақстанда «бірге жобалаудың» қағидаттары енгізілу үстінде. Мәселен, Tikkurila фресканың эволюцияланған нысаны болып табылатын қалалық шығармашылық объектілері – муралдарды құру бойынша тұрақты бастамашылар мен серіктестердің бірі болып табылады.

«Біздің қалаларымызда көркемділік және жайлылық болуы қажет, — дейді Қазақстандағы Tikkurila коммерциялық директоры Айгерім Тұрлыбекова – және кез-келген шетел азаматы атмосферадағы біздің қайталанбас шынайы рухымызды бірден сезінуі тиіс».

Урбанистикаға қызығушылық танытатындар және қалалардың ерекше стилін сақталуын қолдайтындар үшін 30 қараша күні профессор Махламяки "АРТиШОК" театрында көпшілік дәрісін оқыды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сәулет