$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Халықаралық агро-саммит өтті

Аграрлық білім, ғылым және өндіріс интеграциясын нығайтуға бағытталған тиімді пікір алмасу алаңына айналған дәстүрлі саммит жұмысына 30-дан астам мемлекеттің ауылшаруашылық салаларының ғалымдары, білікті эксперт-мамандары арнайы қатысты.

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық универсиетінде «Агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми жетістіктер мен сандық технологиялар негізінде дамыту» тақырыбында IV Халықаралық Агротехнологиялық саммиті өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Шара 2019 жылдың 6 желтоқсаны күні Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық универсиетінде өтті.

Аграрлық білім, ғылым және өндіріс интеграциясын нығайтуға бағытталған тиімді пікір алмасу алаңына айналған дәстүрлі саммит жұмысына 30-дан астам мемлекеттің ауылшаруашылық салаларының ғалымдары, білікті эксперт-мамандары арнайы қатысты. 

Атап айтқанда: БҰҰ мен G-Global эксперттері, Азия даму банкі өкілдері, Австрия, Бельгия, Болгария, Венгрия, Шығыс Финляндия, Германия, Израиль, Италия, Қытай, Нидерланды Корольдігі, Малайзия, Польша, Румыния, Сербия, Словакия, АҚШ, Түркия, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері, Франция, Швейцария, Япония, Оңтүстік Корея, Ауғанстан, ТМД мемлекеттерінен білікті ғалымдар келіп, тәжірибе алмасты.

Елімізден Қазақстан Республикасы Парламенті мен Сенатының депутаттары, министрлердің орынбасарлары, орталық және жергілікті мемлекеттік атқару органдарының басшылары мен өкілдері, Қазақстандағы шетелдік Елшіліктердің Бас консулдары, салалық ассоциациялар, даму институттары, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ірі агроқұрылымдар мен аграрлық саладағы ұйымдардың өкілдері келді.

Саммиттың Пленарлық отырысын Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Есполов Тілектес Исабайұлы ашып, оқу орнының әлемдік деңгейдегі университетке трансформациялану стратегиясын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісіп, маңызды жиынның модераторы ретінде аграрлық саладағы өзекті мәселелерді ортаға салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#саммит