Қазақстанда үш терактінің жолы кесілді, деп хабарлайды хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған ақпарат Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында ҰҚК антитеррорлық орталығы ұлттық штабының бірінші орынбасары Сергей Швейкин айтты. Оның айтуынша, Қазақстан үшін терроризм қаупі әлі де сақталады.
"Тек осы жылдың өзінде ҰҚК органдары алдын ала дайындық сатысында террорлық акт жасаудың үш әрекетін тоқтатты. Радикалдар олардың екеуін Алматыда және Қарағанды облысында жасауды жоспарлаған. Ұйымдастырушылардың және орындаушылардың бір бөлігі халықаралық террористік ұйымдардың содырларынан өз байланыстарының ықпалына түсті, екіншісі Интернетте террорлық, экстримистік сипаттағы материалдармен танысу негізінде өз бетінше радикал болған", - деді Сергей Швейкин.
ҰҚК өкілінің айтуынша, тінту кезінде ұсталғандардан атыс және травматикалық қарулар, жарылғыш құрылғылардың компоненттері тәркіленді.
"Құқық қорғау органдарының, ірі сауда орталықтарының, мәдени құрылыстардың, қаржы мекемелерінің ғимараттарына шабуыл жасау жоспарланған. Сондай-ақ, адам ұрлап, кепілге алу жоспары да болған", - деді Швейкин.
Терроризм актілерін дайындауға қатысқан барлық адамдар сотталды. Оларға 6-дан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ресми деректер бойынша, елімізде терроризм мен діни экстремизмге байланысты қылмыстары үшін 140 адам сотталған.