Ақтаулық полицейлерге ұялы телефонын ұрлатқан жас ана 11 қаңтар күні арызданған. Ол бағалы дүниесін перзентханада жатқан кезде жоғалтып алыпты.
Арызданушының айтуынша, түскі уақыттың кезінде ол палатасынан бірнеше минутқа шығып кеткен екен. Қайта айналып келгенде Samsung Galaxy маркалы телефонын таппай қалған.
Жедел іздеу шараларын жүргізген тәртіп сақшылары ұрыны көп іздеген жоқ. Басты күдікті онымен бір палатада жатқан 1984 жылғы әйел болып шықты. Ол да оқиға болардан бірер күн бұрын босанып, үйіне тек сәбиімен емес, телефонмен баруды да жөн көрсе керек. Қазіргі таңда ұсталған жас ана тергеліп жатыр.