13.12.2019, 07:06

13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото: Baribar.kz
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

13 желтоқсан күні солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап. 

Кәсіпорын таратқан ақпараттарға қарағанда, 13 желтоқсан күні республиканың кейбір аумақтарында жауын-шашын болады, ал кей жерлерінде жауын-шашын, қар мол көлемде түседі. Тек Қазақстанның шығысы антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болады. 

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде бұрқасын, көктайғақ болады. 

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. 

Түркістан облысында күндіз екпіні 25 м/с жел соғады.

Тегтер: ауа райы