Россельхоз бақылаушысы Эквадордан тасымалданған банан партиясынан холера (тырысқақ) инфекциясын тасымалдайтын, көп тамақтанатын қауіпті шыбынды анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, aif.ru дереккөзіне сілтеме жасап.
Хабарламада Эквадордан әкелінетін банандарда полифагозды шыбынның жүйелі түрде тасымалданатыны анықталғаны айтылған.
Россельхоз бақылаушысы мұндай бұзушылықтардың салдарынан Эквадордан банан әкелуге уақытша шектеулер қойылатынын жеткізді. Себебі, полифагозды шыбынның ұшуы мен таралуы қоғамдағы фитосанитариялық ахуал мен халықтың денсаулығына қауіп төндіреді.
Фото:roscontrol.com
Бұрын Эквадордан өсімдік өнімдерін әкелуге шектеулер қойылуы мүмкін деп хабарланған болатын. Өйткені, шыбындардың бананнан басқа да жеміс-жидектер мен көкөністерге және саңырауқұлақтарға, ірімшік өнімдеріне, ұнға кері әсер етуі мүмкін.
Қауіпті шыбын холера (тырысқақ) дертін тасымалдайды және ЕАЭО елдері арасында мұндай жағдай болғанда аумаққа карантин жарияланады.