13.12.2019, 14:15

Елбасы журналистерді алғыс хатпен марапаттады

фото: chernomorskoe-rk.ru
Алғыс хатқа ие болушылардың қатарында журналистиканың түрлі саласында еңбек етіп жүрген жандар бар.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында қазақстандық ақпарат ағынында еңбек етіп жүрген біршама журналистердің еңбегін елеп-ескеріп, марапаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елбасының журналситерді қабылдағаны жөнінде Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Тәуелсіздік күні қарсаңында елдігімізді нығайтып, егемендігімізді тұғырлы ету жолында аянбай еңбек еткен бір топ журналистер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғысымен марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!" деп жазды Айдос Үкібай.    Марапатқа ие болғандардың қатарында "Алаш Медиа Групп" ЖШС медиа-холдингінің бас директоры Батыр Қазыбаев, "Хабар" агенттігінің тілшісі Дархан Абдуахит, "Казахстанская правда" газетінің директоры Юлия Магер, "ҚР Президентінің телерадиокешені" КЕАҚ техникалық директоры Қайрат Мақажанов, "Қазақстан" телеарнасының тілшісі Асима Бұхарбаева мен "ҚР Президентінің телерадиокешені" КЕАҚ "Назарбаев орталығы" техникалық-өндірістік қызметінің басшысы Ернар Ибрагимов секілді мамандар бар.