13.12.2019, 21:07

Ақмола облысында 61 жастағы әйел қонақ үйде асылып өлген

Фото: Pixabay.com
Қонақ үй қызметкерлеріне бөлмеге кіру үшін есікті бұзуға тура келген.

Ақмола облысы Есіл қаласындағы қонақ үйлердің бірінде 61 жастағы әйел адам асылып қалған, деп хабарлайды  Skifnews.kz Newtimes.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Қонақ үй қызметкерлеріне бөлмеге кіру үшін есікті бұзуға тура келген.

Қызметкерлер әйелді қонақ үй бөлмесіндегі есікке асылып қалған күйінде тапқан.

"Тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.