14.12.2019, 07:12

Желтоқсанның 14-не арналған ауа райы болжамы

Фото: Baribar.kz
Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, бұрқасын болады.

Желтоқсанның 14-і күні республиканың басым бөлігіне солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді. Соның салдарынан еліміздің бірқатар аумағында жауын-шашын болады. 

Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап хабарлайды. Кәсіпорын тартақан мәліметтерге қарағанда, 14 желтоқсан күні шығысқа қарай бет алған антициклон ауа температурасының төмендеуіне және республиканың батысы, солтүсік батысы және солтүстігіне жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді. 

Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, бұрқасын болады. 

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Павлодар облысында түнде желдің жылдамдығы 18 м/с болады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. 

Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Тегтер: ауа райы