$ 498.34  519.72  4.85

Қисайған үйге Алматы әкімінің орынбасары түнеп шықты

Алматыда «Зерделі» шағынауданының тұрғындары 9 қабатты үйдің қисайғанын айтып, дабыл қаққан болатын.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

 Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қисайған үйге түнеп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы әкімдігі қисайған үйдің тұрғындарын көшіруге дайын «Зерделі» шағын ауданында орналасқан 9 қабатты үйдің қауіпсіз екенін дәлелдеу мақсатында әкімнің орынбасары Мұхит Әзірбаев бұл үйде түнеп шықты. Бұл ақпаратты тұрғындар растады. Мәселені шешуге келген шенеуніктен олар үйде қалып, қонып шығуды сұраған. 

Осы орайда ескерген жөн, Алматыда «Зерделі» шағын ауданының тұрғындары 9 қабатты үйдің қисайғанын айтып, дабыл қаққан болатын.

 «Біздің үйдің мәселесі бір шешімін тапқанша мүлкімізбен қоса қауіпсіз жерге көшіруді сұраймыз»,- деді тұрғын Әсел Садықова. Қалалық әкімдік арнайы тексеру нәтижесінде тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ екенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары