Жапонияның Нагано қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңін қазақстандық Надежда Морозова сәтті бастады деп хабарлайды Olympic.kz.
Алғаш рет жоғарғы дивизионға жолдама алып, А тобында сынға түскен спортшымыз 3000 метрге жарысудан 13-орын иеленді.
Ол аталған қашықтықты 4:11.485 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. Бұл Морозованың жеке рекорды саналады.
Бірінші орынды канадалық Ивани Блондин жеңіп алды. Екінші орынды чехиялық Мартина Сабликова, үшінші орынды тағы бір канадалық спортшы Изабэль Ведеманн еншілеген.
Айта кетелік, Нұр-Сұлтанда өткен әлем кубогі кезеңінің қорытындысы бойынша Надежда Морозова А тобында сынға түсу құқығын иеленді.