Алматыда белгісіз ер адам автобус астына жатып алып, көлік қозғалысына кедергі келтірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 15 желтоқсанда Сейфуллин даңғылындағы (Жансүгіров көшесінен төмен) аялдамалардың бірінде болды.
Видео @kris_p_almaty Instagram-парақшасында жарияланды.
Хабарламада ер адамның мас болғаны айтылған. Сырттай ол 40-45 жасқа көрінеді. Видеодан автобус астынан оны екі полицей күшпен алып шыққанын көруге болады.