15.01.2016, 09:48

БҚО-да жол апатынан экс-прокурор мен имам қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында орын алған жол апаты салдарынан экс-прокурор мен наиб-имам қайтыс болды деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға 14 қаңтар күні Орал-Саратов тас жолының бойында орын алған. Ішінде үш адамы болған "Лексус" көлігі апатқа ұшырағаннан кейін жедел-жәрдем жараланған үш жолаушыны да жансақтау бөліміне жеткізді. Алайда, облыс пен қала прокурорының бұрынғы орынбасары Батыр Жазбаев пен "Қызыл" мешіт имамының орынбасары Ерғали Жұматаш есін жимастан қайтыс болды.