17.12.2019, 07:08

17 желтоқсанда еліміздің кейбір бөлігінде күн жауын-шашынды болады

Фото: Zhambylnews.kz
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

17 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің тек батыс, солтүстік-батысының кей жерлерінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ сақталады, солтүстік-батыста екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. 

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ тұман болжанады.