17.12.2019, 09:30

Тәуелсіздік күнінде елордада 55 нәресте дүниеге келді

Олардың 31-і – қыздар, қалған 24-і – ұл балалар.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кеше 00.00-16.00 аралығында қаладағы перзентханаларда жалпы саны 55 бала дүниеге келген, деп хабарлайды, Skifnews.kz ақпарат тпорталы, Елорда Инфоның ақпаратына сүйене отырып.

Олардың 31-і – қыздар, қалған 24-і – ұл балалар. Бұл –№2, №3 перинаталдық орталық пен №2 қалалық көпсалалық ауруханада тіркелген мәліметтер.

Мереке күні өмірге келген кішкентай астаналықтарды Сарыарқа аудандық әкімдігі құттықтады.

Тегтер: нәресте бала