$ 514.65  544.6  5.17

Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болды

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, келіссөздер барысында тәжік тарапынан оқ атылған.

18 желтоқсан күні таңертең қырғыз-тәжік шекарасы учаскелерінің бірінде шекара маңындағы ауылдардың тұрғындары арасында жанжал болды. Жаппай қақтығыс салдарынан қырғыз шекарашыларының бірі жарақат алды.

Қазіргі уақытта қақтығыстың себебі анықталып жатыр. Оған екі жақтан 180-ге жуық адам қатысты, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

Ұрыс-керістің соңы қақтығысқа ұласып, олар бір-біріне тас лақтыра бастайды. Оқиға орнына екі жақтан келген шекарашылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен облыстық әкімшілік басшылары келіп, жанжалды тоқтатты.

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, келіссөздер барысында тәжік тарапынан оқ атылған. Салдарынан шекарашы жараланды.

"Келіссөздер барысында сағат 11:30-да тәжік тарапынан белгісіз біреулер Қырғызстан азаматтарына тас лақтыра бастады. Жауап қайтарылған кезде тәжікстандықтарға тиесілі екі көліктің алдыңғы әйнегі сынған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 20 минуттан кейін тәжік тарапынан ұсақ калибрлі қарудан оқ атылды. Салдарынан Қырғызстан ІІМ Ішкі әскерлерінің сарбазы жарақат алды", - деп хабарлады Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Хабарламада келіссөздердің уақытша тоқтатылғаны, екі елдің билігі жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқандығы айтылған.

Шекаралас аймақтағы жағдайды тұрақтандыру үшін бас штаб бастығы – ведомство басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әбдікәрім Әлімбаев Баткен облысына ұшып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары