Стэнфорд университетінің профессоры Генри Грили "Жыныстық қатынастың жоғалуы әрі адамзат болашағы" атты кітап жазды. Онда ол адамдар шамамен 20-40 жылдан соң жыныстық қатынаспен айналыпайды деген болжам айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 360tv.ru-ға сілтеме жасап.
Оның пайымдауынша виртуалды технологиялар болашақта адамдардың жыныстық қатынастан бас тартуына әкеп соқтырады екен. Ал балаларды адамзат өсімдік сияқты жасанды жолмен дүниеге әкеледі дейді ғалым.
"20−40 жылдан кейін ерлі-зайыптылар өздерінің ұрықтарын зертханаға беріп, болашақ ұрпақтарын сонда ұрықтандыратын болады. Жасанды жолмен ұрықтанған жұмыртқа жасушаларынан дәрігерлер ең мықтысын таңдап алып, одан дені сау ұрпақ дүниеге келетін болады", - дейді зерттеуші.
Оның ойынша табиғи жолмен дүниеге келген адамдар алдағы уақытта қоғамға "қажетсіз" болуы мүмкін екен әрі ондай жолмен дүние есігін ашқан ұрпақ денсаулығында да кінәрат табылуы әбден мүмкін екен.
Сондықтан мемлекетке балаларды өсімдік сияқты тек құтыда ұрықтандырған тиімді болмақ екен. Себебі мемлекет осы арқылы дені сау адамдары бар қуатты елге айналып, денсаулық сақтау саласына кететін шығындарды азайта алатын көрінеді.
Ол тіпті жасанды ұрықтандыру арқылы ерлі-зайыптылар балаларының түрін алдын ала таңдап, тіпті өздеріне тартып туатындай деңгейге жеткізе алады екен.