20.12.2019, 06:36

20 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Фото: Sputniknews.kz
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі

«Қазгидромет» РМК 20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы Атлантикалық циклонның онымен байланысты атмосфералық фронттармен байланысты болады. Соған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. 

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста қатты жел 30 м/с және одан жоғары күшейеді. 

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-20, күндіз 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.