18.01.2016, 05:09

БҚО-да 11 жасар қызды азғындаған тұрғынға сот үкімі шықты

БҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 11 жасар қызды азғырған Теректі ауданының тұрғынын 6 алты жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл туралы "Уральская неделя" басылымы БҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Азғын өз әрекетін 2015 жылдың 20 тамызы күні іске асырған. Араққа сылқия тойып алған ол өз үйінде танысының 11 жасар қызын азғырып, зорламақ болған.

Сот оның жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге шешім шығарды. Сондай-ақ, бостандыққа шыққан соң оған 7 жылға дейін педагогикалық қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салды. Айыпты болса өз кінәсін мойындаған жоқ.