Белгілі астролог Ирина Әбдірайымова 2020 жылы кімдердің жолы болатынын және оларды қандай қызықты тосынсыйлар күтіп тұрғанын болжады. Маман ең бастысы бақыт әр адамның өз қолында екенін ұмытпау керегін айтады, деп хабарлайды Stan.kz.
Тоқты
Сіздер үшін 2020 жылы мамандық – өзекті мәселеге айналады. Әдетте мақсатыңызға тура жолмен жетуді ұйғарсаңыз, бұл жолы жүрер жолыңыз көптеген құпияға толы болмақ. Сондай-ақ, жұмыста атақ-абыройдан айырылып қалғыңыз келмесе, өз сырыңызға берік болыңыз. Жылдың екінші жартысынан бастап сәттілік серігіңізге айналады. Бірақ өз күшіңізді білмей әлең болып жүрмеңіз. Барынша табандылық пен еңбексүйгіштік танытыңыз.
Махаббат мәселесіне келер болсақ, келер жылы оған нүкте қойылуы мүмкін. Есесіне көп ұзамай өмірлік сүйіктіңізді жолықтырасыз. Қандай да бір себептерге байланысты жеке қарым-қатынасыңызды құпия ұстауды жөн көресіз. Ал онымен шетелде, теңізде саяхаттап жүріп немесе шипажайда демалып жатқан кезде жолығасыз. Мүмкіндігінше одан мінсіз тұлға жасамауға тырысыңыз. Әйтпесе көңіліңіз қалып қалуы мүмкін. Десе де келер жылы карьера сіз үшін бірінші орында болатындықтан, романтикаға аса көп көңіл бөлмейсіз. 2020 жылы сізге ота жасалуы мүмкін. Бірақ көңіл-күйіңіз түспесін, мұның пайдасы болмаса, ешқандай да кері әсері болмайды.
13-20 аралығында дүниеге келген Тоқтылар өзінің қаншалықты кәсіби деңгейде жұмыс істей алатынын көрсетуге мәжбүр болады. Сондай-ақ, қаңтар мен сәуір және тамыздан бастап айдың соңына дейін жақындарыңыздан зиян шегіп, олардан әбден көңіліңіз қалады. Олар да өз кезегінде сіздің қатал мінезіңізді көріп қатты таңырқайды. Ең бастысы алдыңызда қандай қиындық кездессе де, оларды шешуге қауқарыңыз жететінін ұмытпаңыз. Сіз үшін 1 саны көп пайда әкелмек.
Торпақ
Жыл бойы сіз туралы БАҚ өкілдері мақала жазып, әлемді аралаудан қолыңыз тимейтін болады. Келер жыл бизнесіңізге жарнама жасау үшін табысты болмақ. Әсіресе жылдың алғашқы бөлігінде сізді көптеген өзгеріс күтіп тұр. Сіздің тұрақтылықты ерекше жақсы көретіңізді білеміз. Десе де осы өзгерістерге дайын болғаныңыз жөн. Бұл - шетелге көшу, ұзақ сапарларға аттану, шетелдік серіктермен көбірек кездесу. Айтпақшы, соңғысы сізге көптеген табыс пен пайда алып келуі мүмкін. Сол себепті дәл мұндай өзгерістерден еш қорықпағаныңыз жөн.
Көптеген Торпақ бойдақ өмірмен қоштасып, отбасын құру туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ, 2020 жылы достардың қатары көбейіп, жолыңыз болады. Ең бастысы, денсаулығыңызға көбірек көңіл бөліп, спортпен тұрақты түрде шұғылданыңыз. 21-22 күндері дүниеге келген Торпақтар карьерасында көп қателік жіберіп, сәуір мен тамыз айларында қиындықтарға тап болуы ғажап емес. Сондай-ақ, 28 мен 2 күндері аралығында дүниеге келген Торпақтардың өмірінде де айтарлықтай өзгерістер болады.
Мүмкіндігінше 2020 жылы алыс жолға шықпауға тырысыңыз. Себебі, бұл өміріңізге тек кері әсерін алып келуі мүмкін. Шетелдік компаниялармен келісімшарт құратын кезде де қырағылық танытуға тырысыңыз. Ал 8 мен 13 аралығында дүниеге келген Торпақтардың көкейінде жүрген бар арманы орындалады. Достарыңыздың арқасында ерекше талантты жанмен жолығасыз. Ал ол адам өз кезегінде сізге барлық мәселеңізді шешуге көмектеседі. 13-15 күндері дүниеге келген Торпақтар асқан танымалдылыққа ие болады.
Егіздер
Басқа жұлдыз белгілерімен салыстырғанда сіздің жолыңыз болды десек, артық айтпаймыз. Шипажайға барып демалып, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік аласыз. Ал олар өз кезегінде сізге тірек те, серік те болады. Сондай-ақ, жұмыста қызметіңіз жоғарылап, жалақыңыз да өсуі мүмкін. Банктен несие алатын кезде барынша сақ болуға тырысқан жөн. Мұнымен қатар, сізден алған қарызды да өз уақытымен қайтармауы мүмкін.
Көп энергияңызды жұмысқа жұмсайтын боласыз. Өзгелердің шешілмеген қиындықтарына араласатын кезде сақ болыңыз. Сүйіктіңізді тапқанменен, сіздердің қарым-қатынасыңыз көпке бармауы мүмкін. Әдеттегідей серігіңізді үнемі бақылауда ұстағыңыз келеді.
21-22 күндері дүние келгендерді 2020 жылы сәуір мен тамыз айларында табыс күтіп тұр. Жолықтырған сүйіктіңіз ерекше бай тұлға болады. Бірақ оған ұнау үшін сіздің де біраз тер төгуіңізге тура келеді.
Шаян
Келер жылы өміріңіз түбегейлі өзгереді. Тек сыртқы өміріңіз емес, ішкі жан дүниеңізде де көптеген өзгеріс болады. Десек те, энергияңыздың көп бөлігі махаббат табуға жұмсалады. 2020 жылы романтикалық қарым-қатынастарға көбірек көңіл бөлесіз. Өзіңізді дамытуға батыл қадам жасап, қым-қуат тіршіліктен демалуға тырысасыз. Тәрбие, оқу және балаларға қамқорлық көрсету мәселелері де көтерілетін болады.
Құмар ойындар мен бағалы қағаздарға инвестиция салатын кезде барынша сақ болыңыз. Аспандағы айды алып беруге уәде еткен адамдардың бәріне сене бермеңіз. Сізді кейбір жандар тақырға отырғызып кетуі мүмкін. 13-20 күндері дүние келгендердің жыл басынан бастап, сәуірге дейін, сондай-ақ, тамыздан бастап жылдың соңына дейін қызметі жағынан жоғары тұрған адамдармен арада түсінбестіктер болады. Серіктестер арасында «Сен кімсің, мен кіммін» деген мәселелер көтерілуі мүмкін.
Өзіңіздің қиындықтарыңызға өзгелерді айыптайтын боласыз. Сіздің өзімшілдігіңіз көп жерде кедергісін келтіруі мүмкін. Алайда сізге батылдық, сабыр, шешім қабылдай білу сынды қасиеттер ерекше көмектеседі.
13-15 күндері дүниеге келгендердің жақындары жазылмайтын ауруға шалдығады. Қандай жағдай болмасын, адамдарға дауыс көтеріп, оларға ашуланудан сақ болыңыз. 28-2 күндері дүниеге келгендер бір көргеннен ғашық болып, адам айтса нанғысыз табысқа кенеледі. Қиын сәтте достары көмекке келеді. Ал 8-13 күндері дүниеге келгендер өзінің психологиялық денсаулығын қалыпқа келтіреді.
Арыстан
Жоғарыдағы қабатқа баспалдақпен немесе жеделсатымен көтерілуге болады. 2020 жылы мансабыңызда осы жеделсатымен көтерілуіңіз мүмкін. Бұл өзіңіз күтпеген жерден жүзеге асады. Сондай-ақ, жаңа жылда денсаулығыңызды қалпына келтіріп, гигиенаға көп көңіл бөлесіз.
Күйзелістен арылуға көмектеседі деп үй жануарларын асырауыңыз мүмкін. Өзіңізге деген сенімсіздіктің салдарынан да денсаулығыңыз айтарлықтай нашарлайды. Әсіресе, жұмыста кикілжіңдерден сақ болыңыз.
Есесіне махаббат мәселесіне келген кезде әбден жолыңыз болады. Ал отбасылар жаңа бір «періштемен» толығады. Бұдан өзге қаржымен байланысты мәселелерде жолыңыз болады. 2020 жылы Арыстан ер азаматтар әйелдер тарапынан көмекті қабыл алып, қызметте жоғарылайды. Егер жұмыста көбірек жауапкершілік алатын болсаңыз, онда жалақыңыз да өседі.
21-22 күндері дүниеге келгендер сәуір мен тамыз аралығында өзінің алдыға қойған мақсатына жетеді. Осы орайда оларға медитация көп көмектеседі. Бірақ кейбір әріптестері мен достары теріс айналуы мүмкін. Сондай-ақ, осы аралықта біреуге қарайлауға мәжбүр боласыз. 28-2 аралығында дүниеге келгендердің мансап жолында көптеген өзгеріс болады. Мысалы, басшылық ауысып, сіз күтпеген жерден жұмыстан кетуіңіз мүмкін. Көп адам сізді сөзбен тұншықтыруға тырысады, бірақ оларға бұлай жасауға мүмкіндік бермеңіз.
Есесіне жылдың соңына қарай Арыстандардың көңіл-күйі өте жоғары болады.
Бикеш
2020 жылы барлығына өзіңізді тек жақсы қырынан көрсетуге тырысасыз. Өзіңіздің сақ екеніңізге қарамастан, біреуге ессіз ғашық болып қалуыңыз мүмкін. Мейрамхана, казино, алаң, клуб, театр, музей, көрмелер – сіздің үйіңізге айналады. Жаңа жылдағы сүйіктіңізбен қарым-қатынас бастапқыда сізге түсініксіз болып көрінуі мүмкін. Алайда уақыт өте келе ол адам көңіліңізден толықтай шығады. Арыстандар секілді сіздің де отбасыңыз «періштемен» толығуы мүмкін.
Құмар ойындарда жеңіске жетесіз. Ал 8-13 күндері дүниеге келген Бикештерге құмар ойындар кері әсерін тигізуі мүмкін. Бастапқыда барлығы ертегідегідей болып көрінгенімен, сезім күйзеліске дейін түсіріп жібереді. 28 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында дүниеге келген Бикештер, күтпеген жерден олжаға кенелесіздер. Бұл отбасын құру, үй сатып алу немесе қызметте жоғарылау болуы мүмкін. 13-15 аралығында дүниеге келгендер ерекше күш-қуатқа ие болады.
Таразылар
Негізгі мәселелері – жұмыс, үй, көші-қон. Яғни 2020 жылы осы қиындықтардың барлығы шешімін табады десек те болады. Балаларыңыз отбасын құру мүмкін. Сондай-ақ, келер жылы отбасылық бизнес ілгерілейді. Алайда жұмыста бастықпен немесе жергілікті билік өкілдерімен арада қиындық туындайды. Ақшаны оңды-солды шашпауға тырысыңыз.
Сырт көзге жақсы әрі бай болып көрінемін деп қалтаңыз жұқарып қалмасын. Үй мен оны жөндеу жұмыстарына сіз күткеннен де көп ақша кетуі мүмкін.
Уақыт өте келе жалғыз қалуды жөн көресіз. 13-20 аралығында дүниеге келгендер қаңтар мен сәуір, тамыз бен желтоқсан аралығында психологиялық тұрғыдан қатты шаршауы мүмкін. Жұмыста қателік жіберіп, сізді кәсібиліктің жоқтығы үшін айыптайды. Әсіресе, 13-15 күндері туғандардың жағдайы қиындау. Жасөспірімдер ата-анасымен, ерлі-зайыптылар бір-бірімен ренжіседі.
Сарышаян
Жыл бойы өміріңізді өзгерту үшін жатпай-тұрмай еңбектенесіз. Көптеген мәселе сіздің жылдам шешім қабылдауыңызды күтетін болады. Кездесулер мен жаңа таныстықтардың саны күрт өсуі мүмкін. Көбіңіз әртүрлі курсқа жазылып, максимум нәтиже алуға тырысасыздар. БАҚ өкілдерімен және құжаттармен көп жұмыс істеулеріңізге тура келеді. Ең бастысы берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Жыл бойы туған бауырларыңыздан көп көмек аласыз. Сарышаяндар үшін жыл барлық жағынан табысты болады. Ең бастысы, өмір сыйлаған мүмкіндіктерді жіберіп алмау. Өзіңізді дамыту, іссапарға бару, білім беру, отбасылық мерейтойлар ұйымдастыру үшін қолайлы болмақ. Желтоқсанның соңына қарай оптимизміңіз азая түседі. Сол себепті бар жұмысыңызды аяқтап үлгеруге тырысыңыз.
21-22 күндері туғандарды сәуір мен тамыз айларында үлкен табыс күтіп тұр. Өміріңізден кейбір адамдар кетіп, ең сенімді деген жандар қалады. Сондай-ақ, кей адамдармен тек жұмыс бабы бойынша сөйлесуді жөн көресіз.
28 қазан мен 3 қараша аралығында дүниеге келгендердің өмірінде жайсыз күндер болады. Бұл кішігірім жол апаты, жарыңызбен айырылысу немесе серіктестермен кикілжің болуы мүмкін. Сіз қол қойған келісімшарттарға байланысты үлкен қиындықтар туындайды. 8-13 қараша күндері дүниеге келгендердің өмірінде романтикаға орын табылып, отбасын құрады. Бұдан өзге 13-15 қараша аралығында дүниеге келгендердің айтырлықтай жолы болады.
Мерген
2020 жылы бар назарыңыз ақша мен мансапта болады. Үйіңізге, өміріңізге айтпай келген қонақтар, жақындарыңыз тек бақытты сәттер сыйлайды. Байығыңыз келсе ақшаңызды үнемдей түсіңіз. Сондай-ақ, баю үшін көп энергия жұмсауға тура келетінін ұмытпағайсыз. Әпке-қарындастарыңыздың, аға-бауырларыңыздың қиындығын шешуіңізге тура келеді. Есесіне алдағы уақытта олар да сізге көмек қолын созады.
Жаңа жылда жаңа көлік сатып алу туралы ойланасыз. 21-22 желтоқсан күндері дүниеге келгендер сабырлы, ұстамды болуды үйренеді. Өмірдің өзі осылай болуына мәжбүрлейді десек те болады. Басшылық сізге үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс тапсыруы мүмкін. 8-13 күндері аралығында дүниеге келген Мергендер, қоғамдық көлікте абай болыңыздар. Қалтаңыздан құжат, ақша, алтын, ұялы телефон сияқты бағалы заттарды ұрлап әкетуі мүмкін.
Тауешкі
2019 жыл үшін барынша табысты болды. Бірақ өмір өте келе ағыстың қарқыны өзгеретіні сөзсіз. Сәтсіздіктердің артын бақытты күндер жалғауы да ғажап емес. Жылдың алғашқы жартысында көптеген қызықты оқиға болады. Есіктерді теуіп кіріп, өзіңіздің кім екеніңізді танытуға тырысасыз. Өзім иілмеймін, бірақ алдыма келіп иілетін боласыңдар, деген ұстанымды ұстанасыз. Сондай-ақ, «Болды, бәрінен шаршадым» деп жұмыстан шығып, тіпті, мүлдем басқа салаға ауысып кетуіңіз мүмкін. Әдеттегідей сақ болып, «мен» және «олардың» арасындағы шекараны берік ұстаныңыз.
Жаңа достар тауып, ескілерімен қош айтысасыз. Материалдық жағдайыңызға келер болсақ, шығыс та, кіріс те көп болады.
2020 жылдың алғашқы жартысында курсқа қатысып, жаңа біліммен қанығасыз. 13-20 күндері аралығында дүниеге келген Тауешкілер қаңтар мен наурыз және тамыз бен желтоқсан айларында өмірдің сынына ұшырап, қосымша жауапкершілік алуға мәжбүр болады. Өзгелердің берер бағасына тәуелді болудың қажеті жоқ, мұны алдағы 30 жылдықта шалқып өмір сүру үшін жасап жатқаныңызды ұмытпаңыз.
Сыйлықтар алдыңызда шашылып жатады деп күтпеңіз. Бірақ қоғамда беделіңіз артатыны сөзсіз. 8-13 аралығында дүниеге келген Тауешкілер өзгелердің жетегінде кетуі мүмкін. Туған-туыстарыңыз бен көршілеріңіз сізді ғылымдағы пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етіп отыратын болады. Шетел тілін меңгеруге деген құлшынысыңыз артады.
Суқұйғыш
Тұманның арасында жүргендей күй кешесіз. Ешкімге айтуға болмайтын оқиғаның куәсі болып, өзіңізге жоқ жерден дұшпан тауып алуыңыз мүмкін. Сіздегі басты қиындық - айырылысу болады. Бір көргеннен ғашық боласыз және ол жанның өмірлік серігіңіз болатын-болмайтынын тек өзіңіз шешесіз. Араларыңызда көбіңіз спортпен шұғылданып, сырт келбетіңізге ерекше мән бересіз. Өзіңізді әлемге танытудың жаңа жолын таңдайсыз. Ең бастысы, артық қыламын деп тыртық қылып алып жүрмеңіз. Сондай-ақ, көбіңіз желіде парақша жүргізіп, БАҚ-пен тығыз байланыста боласыз.
27-2 аралығында дүниеге келген Суқұйғыштар, өміріңізді өзгертетін жаңалықтар аласыздар. Өкінішке орай, өзіңіз немесе жақындарыңыз жол апатына түсуі мүмкін. Сол себепті алыс сапарлардан барынша аулақ болыңыз. 20-21 аралығында дүниеге келген Суқұйғыштар, денсаулықтарыңызға абай болыңыздар. Наурыз айының ортасынан бастап, маусым айының ортасына дейін асқынған ауруыңыз сыр беруі мүмкін. Депрессиядан аулақ болсаңыз, тез айығып шыға келесіз. Мұнымен қатар, осы кезеңде көл, теңіз бар жерлерде абай болыңыз.
Балықтар
Жылдың алғашқы тоқсанында сізді қуантатын оқиғалар көп болады. Шығармашылығыңыз да, мансабыңыз да өрге жүзеді. Ең бастысы, сіз мұндай тосынсыйларға дайын боласыз. Негізінен өте ашуланшақ болып жүресіз. Бір қызығы осы мінезіңіз сізге көп пайдасын алып келеді.
Жеке өміріңізді жасырын ұстауды жөн көрсеңіз де, қоғамда өзіңіздің кім екеніңізді танытуға тура келеді. Осының арқасында қызметте жоғарылайсыз. Бәрінен бұрын сізді жалақыңыздың қатты өсуі қуантады. Алайда осы табысты жұмсайтын жерлер де көбейе түседі. Бұл бизнеспен, мемлекеттік құрылым және жеке керек-жарақтармен байланысты болуы мүмкін.
Әсіресе, 13-15 аралығында дүниеге келген Балықтардың жолы болмақ.