20 қараша күні сағат 23:30 шамасында Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі №74 үйдің 1-кіре берісінің (подъезд) 5-қабатында өртке оранды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрттің көлемі шамамен 2х3 шаршы метрді құраған.
«Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық - құтқару қызметі» жедел әрекет етіп, өрт шыққан аймақ толық оқшауланып, тұрғындар қауіпсіз аймаққа шығарылды.
Өрт шыққан жерге қала әкімі Н. Нәлібаев және қала прокуроры, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық полиция департаментінің бастықтары келіп, мәселені толық өз бақылауларына алды», - делінген хабарламада.
Зардап шеккен тұрғындар «Уақытша қабылдау және орналастыру орындарына» барудан бас тартып, жақындары мен туыстарының үйлеріне орналастырылды.
Өрттің салдарынан көмірқышқыл газына улану анақтамасымен 6 тұрғын облыстық медицина орталығына (ОМО) жеткізілген. Адам шығыны тіркелмеген.
Қазіргі таңда, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.