$ 494.87  520.65  4.91

Жауырыны жерге тимеген қазақ балуанын венесуэлалық боксшы жеңуге дәмелі

Оныншы раундта жекпе-жекте қазақ боксшының WBO Global, WBC Asia және WBA International белбеулері сарапқа салынбақшы.
фото: Tengrinews.kz
фото: Tengrinews.kz

Венесуэлалық Омар Гарсия (15-2, 12 КО) қазақстандық Айдос Ербосынұлымен (12-0, 8 КО) жекпе-жекке жеңіс үшін ғана шығады. Бұл кездесу арқылы боксшы элитаға кіру мүмкіндігін атттырмақ екен. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ербосынұлы - Гарсия жекпе-жегі 21 желтоқсан Красноярсктегі бокс кешіне қатысушылар тізіміне енген. Оныншы раундта жекпе-жекте қазақ боксшының WBO Global, WBC Asia және WBA International белбеулері сарапқа салынбақшы. Гарсияның сөзіне үңілсек, ол жарысқа тек жеңіс үшін қатысады-мыс.О

Осы кезге дейін жауырына жерге тимеген қазақ боксшымен айқасатын ол үшін Айдос Ербосынұлымен өткелі жатқан жекпе-жек аса маңызды.

"Бұл үлкен жекпе-жек болады деп есептеймін. Қарсыласым болашағынан үміт өте зор боксшы. Бір жылда керемет жетістікке жеткен. Командасы жақсы және дағдысы мықты. Ол жеңісіне сенімді, осылай ойлағаны мен үшін ұтымды. Маған сенетіндер аз, бірақ, бар күшімді көрсетемін. Бұл карьерамдағы ең басты жекпе-жек. Соңына дейін айқасамын. Айдос мықты боксшы деп есептеймін, дегенмен, кімді болса да жеңуге болады. Бұл жеңіс маған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Басым болуым керек", - дейді Гарсия. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары