$ 448.56  478.03  4.79

Аяз аталар мен ақшақарлар велосипедпен көше аралады

Бір өздері емес. Қастарында бүлдіршіндер бар.

Елордалық аяз аталар мен ақшақарлар бүгін велосипедке отырып, қала көшелерімен жүріп өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бір өздері емес. Қастарында бүлдіршіндер бар. Жаңа жылдың кейіпкерлерімен бірге көп балалы және аз қамтылған отбасылардан 30-дан аса бала шерулетті. Сыйлықтарын алды. Аяз ата оқушыларға ойыншықтар мен тәттілер үлестірді. Мұндай акция бас қалада алғаш рет өтіп отыр. Қатысу тегін болды. 

Сергей Кузнецов, велошеруге қатысушы: 

– Әлеуметтік желіден хабарландыруды оқыдым. Өзім күнара велосипедпен жүремін. Сондықтан мұндай акцияға қуана-қуана қатыстым. Аяз ата ретінде балаларға сыйлығымды тараттым. 

Ақмарал Мамедова, қоғамдық қордың президенті: 

– Хабарландыру бердік. Аяз аталар мен ақшақарлар біздің хабарды түрлі әлеуметтік желіден көрген екен. Содан өздерінің белсенділіктерін көрсетті. Велошеруге қатысуға ниет білдірді. Әсер өте керемет. Балалар да риза.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Аяз ата