$ 498.34  519.72  4.85

25 судьяны қызметінен босату ұсынылды

Сот кеңесінің қызметіне қатысты ұйымдастыру мәселелері қаралды, оның ішінде Кеңестің 2020 жылға арналған Жұмыс жоспары бекітілді.

ҚР Жоғары Сот кеңесінде 25 сот төрағасы мен судьясын түрлі себептермен қызметінен босату туралы ұсынымдар қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЖСК аппаратына сілтеме жасап. 

«20 желтоқсанда Жоғары Сот кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста кеңес бос судья лауазымдарына орналасуға жарияланған конкурстың қорытындысын шығарды, тиісті судьяларының бос орындарына 46 кандидат ұсынылды. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы соттарының 25 төрағасы мен судьясын түрлі себептермен қызметінен босату туралы ұсынымдар қабылданды», делінген хабарламада. Кеңес отырысында сондай-ақ Жоғарғы сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия мен Жоғары Сот кеңесі жанындағы Сот жюриінің шешімдеріне 11 судьяның шағымы қаралды. Оларды қарау нәтижелері бойынша бір судьяның шағымы қанағаттандырылып, аталған органдардың 10 судьяға қатысты шешімі өз күшінде қалдырылды. 

«Бұдан басқа, Жоғары Сот кеңесі 26 жергілікті соттың штат құрылымын өзгертуге, зейнеткерлік жасқа толған екі судьяның қызметінде болу мерзімін ұзартуға келісім берді», делінген хабарламада. 

Кеңес отырысында сондай-ақ Жоғары Сот кеңесінің қызметіне қатысты ұйымдастыру мәселелері қаралды, оның ішінде Кеңестің 2020 жылға арналған Жұмыс жоспары бекітілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Жоғарғы сот