Токиода 2020 жылы өтетін Олимпиаданың негізгі стадионының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
2016 жылдың желтоқсанында билік қолданыстағы стадионды қайта құруға шешім қабылдады және құрылысқа 157 миллиард жапон иенасын (шамамен 1,5 миллиард доллар) инвестициялады.
Оның сыйымдылығы - 60 000 орын.
Рәсімде жапон барабандары, бишілері мен музыканттары өнер көрсетті, мерекелік шеру және лазерлік шоу болды. Ашылуға атақты спортшылар қатысты, солардың бірі - Усейн Болт трекпен жүгірді.