$ 498.34  519.72  4.85

Ер адам тойда қалыңдық пен құдағиды соққыға жықты

Тойда ішімдікке тойып алған күйеу жігіттің ағасы қалыңдықты соққыға жығып, баспалдақпен сүйрейді.

Уэльсте қалыңдық пен күйеу жігіт қайын аға шабуылынан кейін айрылысып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

27 шілде күні сарбаз Стеффан Уилсон мен қалыңдық Эрин Мэйсон-Джордж Лланибиддер қаласындағы қонақүйде өздерінің үйлену тойын атап өтеді. Тойда ішімдікке тойып алған күйеу жігіттің ағасы қалыңдықты соққыға жығып, баспалдақпен сүйрейді. Сондай-ақ, күйеу жігіттің ағасы жас жұбайлардың жүргізушісі болған. 

Мұнымен қоймай қалыңдықтың анасы мен екі сіңілісіне шабуыл жасаған. Ер адам інісінің Мэйсон-Джорджге үйленбеуі керек болғанын айтып айқайлаған. Мас күйеу жігіт өзінің ағасының қолдаған. 

Уилсонды әкесі үйге алып кетеді. Осыдан кейін жас жұбайлар бір-бірін көрмеген. Қалыңдық қайын ағасын сотқа бергеннен кейін бұл қарым-қатынасқа нүкте қойылған. Бұл жас жұбайлар бір-бірінің алдында ант бергеннен кейін болды. 

Уилсон мен Мэйсон-Джордждың некесінің қысқа болғаны соншалық, олар тіпті заңды түрде ажыраса алмайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#той #Қалыңдық