18.01.2016, 16:32

Астанада би орталығының ғимараты өртенді (ВИДЕО)

Астанада Тәуелсіздік көшесінің бойында орналасқан БИ Dance студиясының ғимараты өртеніп жатыр деп хабарлайды SN. 

Оқиға орнында 4 өрт сөндіру техникасы мен жедел жәрдем станциясы жұмыс істеуде. Куәгерлердің айтуынша, ғимарат түгелге жуық жанып кеткен. Зардап шеккендер туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Дегенмен, жедел-жәрдем дәрігерлері ғимаратта ешкімнің болмағанын айтып отыр. Нысан қоршауға алынып, мамандар әлі де болса қызыл жалынмен арпалысуда.