Германияда екі жыл бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім табылды. Ол 44 жастағы жұмыссыз ер адамның сайман қорасынан шықты,-деп хабарлайды kaz.zakon.kz.
Құқық қорғау органдары балалар порнографиясын таратқан деген күдікпен оның үйіне тінту жүргізген. Достарына барып келемін деп үйден шығып, сол күйі оралмаған жасөспірімге 2017 жылы іздеу жарияланған.
Осы уақыттың өң бойына ол осы сайман қорада қамалып отырған. Оның үстінде жоғалған кезде киген киімі болған.
Марвиннің айтуынша, оны ешқашан далаға шығармаған, тіпті таза ауамен тыныс алу үшін де. Жасөспірімнің денесінен ешқандай зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ, бірақ көршілері полицияға үйден біртүрлі шыңғырған дауыстар естігенін айтқан.
Баланы отбасына оралды. Тергеу жүріп жатыр.