$ 494.87  520.65  4.91

«Жұмыс беруші кінәлі»: биыл елімізде 148 адам өндірісте алған жарақаттан қаза тапты

Кәсіподақ басшысы осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасының жүзеге асып жатқанын айтты.
Фото: stroyobzor.ua
Фото: stroyobzor.ua

Жыл басынан бері елімізде 1200-ден астам жұмысшы өндірістік жарақат алып, оның 148-і қаза тапқан,-деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Кәсіптік одақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжановтың айтуынша, адам өліміне әкелген 148 деректің жартысынан көбінде жұмыс беруші кінәлі. Кәсіподақ басшысы осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасының жүзеге асып жатқанын айтты. Жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 15 мыңнан астам өндірістік кеңес құрылып, 19 мыңға жуық еңбекті қорғау инспекторы жұмыс істеп жатыр екен. Бұдан бөлек, өндірістік жарақаттары азайту үшін арнайы жол картасы қолға алынған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары