$ 494.87  520.65  4.91

«Ислам мемлекеті» содырлардың жалақысын екі есеге қысқартты

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы өз содырларының жалақысы мен шығындарын екі есеге дейін қысқартты. Бұл жайында The Independent басылымы ұйымның интернеттегі парақшаларының біріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Ислам мемлекеті» ұйымында орын алған кейбір жағдайларға байланысты моджахидтерге берілетін төлем екі есеге қысқартылды. Бұл шешім ұйымның барлық өкіліне қатысты» делінген ұйым басшылары жариялаған бұйрықта. Сондай-ақ, аталған мәлімдемеде лаңкестер Құран аяттарын мысалға келтіріп, байлық үшін жиһадқа шығу күнә екенін, барға қанағат ету керек екенін айтқан. 

Айта кетейік, 11 қаңтар күні АҚШ төрағалық ететін әскери коалиция әуеден шабуыл жасап, «Ислам мемлекетінің» байлығы жиналған қойманы жарып жіберді. Ондағы қаражаттың барлығы өртеніп кеткен. Бұл ақшаны содырлар ұрлау, тонау және мұнай сату арқылы жинаған еді. Сондай-ақ, коалиция лаңкестердің мұнай өңдеуге арналған қондырғыларын да атқылап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары