$ 443.85  474.3  4.8

Хабиб Нурмагомедов Алматыда пәтер сатып алды (ВИДЕО)

Ресейліктің айтуынша, ол пәтерді сапарлатып жүрген кезінде "тоқтайтын жері болуы үшін" сатып алған.
Фото: news.myseldon.com
Фото: news.myseldon.com

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов қазақстандық фанаттарымен кездесуде Алматыда пәтер сатып алғанын айтты, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz ақпарат порталы  Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Ресейліктің айтуынша, ол пәтерді сапарлатып жүрген кезінде "тоқтайтын жері болуы үшін" сатып алған. 

Сондай-ақ чемпион категорияға қарамастан (P4P) қай файтердің мықты екенін айтты. Ол UFC-де жартылай ауыр салмақтағы америкалық чемпион Джон Джонс екен. Ресми рейтингте Джонс бірінші, ал екінші орында Нурмагомедов тұр. 

Айта кетейік, Нурмагомедов Алматыға отандасы Зубайра Тухуновпен және Ислам Махачевпен бірге келген. Жұрт оларды "Алматы Аренада" құшақ жая қарсы алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары