Әлеуметтік желіде атыраулық браконьерлер түсірген бейнежазба пайда болды. Онда оларды жоғарыдан Ми-8 тікұшағы үстерінен төніп қуып келеді. Алайда браконьерлер еш қаймықпастан үш аяқты мотоциклдерімен оларға жеткізетін емес,-деп хабарлайды Ақ Жайық газеті.
Атырау облысы полиция департаментінің айтуынша, су полициясы қызметкерлері рейд барысында тікұшақтан қала маңындағы Еркінқала ауылы аумағында үш мотоцикл мінген Каспий теңізінен заңсыз балық аулап жүрген күдіктілерді байқаған. Сонымен қуғын қалай аяқталды? «АЖ» бұл сауалға жауап ала алмады. Жазбадан көргеніміздей, қуғыншылардың жолы болмаған сияқты. Жылдамдығы сағатына 200 шақырымнан асатын әуе кемесінің тозығы жеткен үш мотоциклге жете алмауы - жұмбақ болып қалды.