Жаңалықтар 21.07.2014 сағат 05:30

Елімізде мысықтар үшін арнайы дәмхана ашылады

Жақында Қазақстанда мысықтарға арналған дәмхана ашылады, деп хабарлайды BNews.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жаңа форматтағы дәмхананың ашылатыны туралы ұйымдастырушылар «Вконтакте» әлеуметтік желісінде хабарлады. Олардың айтуынша, бұл антидәмхана мен мысықты жақсы көретіндер клубының біріктірілген түрі болмақ.

― Мұнда мысықты жақсы көретін жандар олармен қалағанынша ойнап, тамақтандыра алады. Әрі тек өткізген уақыты үшін ғана ақша төлейді. Тегін wi-fi, түрлі шайлар мен тәттілер, үстел ойындары, кітаптар, шеберлік сабақтары мен семинарлар мен жақсы көңіл-күй сыйлаймыз, ― дейді ұйымдастырушылар.

Дәмханада темекі шегуге және ішімдік ішуге тыйым салынған. Оның нақты қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар