Алматыда өткен баспасөз мәслихатында UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов спорттағы мансабын қашан аяқтайтыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды prosports.kz.
– Менің спорттағы мансабым әрине бастапқы кезеңде емес екені анық. Ол аяқталуға жақындап қалды. Бірақ нақты қашан екенін әзірге білмеймін. Келесі жекпе-жектен кейін аяқтаймын деп айта алмаймын.
Алдағы төрт айда тек қана оқу жаттығу жиындарын өткізіп, жекпе-жекке дайындалатын боламын. Қазіргі кездегі бар ойым тек келесі жекпе-жекте, - деді Хабиб Нурмагомедов.
Естеріңізге салатын болсақ, жеңіліс дәмін көрмеген UFC чемпионы Хабиб келесі жекпе-жегін 19 сәуір күні Тони Фергюсонға қарсы өткізеді.