26.12.2019, 07:47

Нұр-Сұлтан маңындағы Жібек жолы ауылына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылды

Фото: Azattyq Rýhy
Ауыл тұрғындарының көбеюіне байланысты енді №322 бағдар іске қосылды.

Нұр-Сұлтан маңындағы Жібек жолы ауылына қатынайтын жаңа №322 бағдар іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана LRT» сайтына сілтеме жасап. 

«Жаңа бағдар 25 желтоқсаннан бастап қатынайды. Жібек жолы ауылы тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша бағдардың қозғалыс сызбасына 4-шағын ауданы қосылды. Аталмыш бағдардың бастапқы аялдамасы – №2 Ақмола облыстық ауруханасы, соңғы аялдамасы - Жібек жолы ауылының 4-шағын ауданы», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін қала маңындағы Жібек жолы ауылына №304 бағдардағы автобус қатынайтын. Ауыл тұрғындарының көбеюіне байланысты енді №322 бағдар іске қосылды.