$ 441.66  475.14  4.86

Месут Озил келіншегі Амине Гульшемен бірге 219 баланың операциясына көмектесті

Бұл туралы 31 жастағы футболшы өзінің Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.

“Арсенал” командасының жартылай қорғаушысы Месут Озил келіншегі Амине Гульшемен бірге 219 баланың операциясына көмектесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы 31 жастағы футболшы өзінің Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.

Мұндай шешімді футболшы жұбайымен бірге қабылдаған. Олар әлемдегі отаға зәру мың балаға көмектеспек.

"219 балаға ота жасалды. Бірақ, алда әлі атқарылар істер көп. Жұбайым екеуміз шілде айында өткен тойымызда әлемдегі отаға зәру мың баланың шығынына ақша бөлеміз деп келіскенбіз.

Қайырымдылық жасаудан шет қалмай ақшаларын аямаған тойдағы қонақтар, жанкүйерлер, бұл жобаға материалдық көмек берген барлық адамдарға және ота жасаған дәрігерлер тобына алғысымды білдіремін. Бұл әлі бастамасы, 2020 жылы да осындай мұқтаж балақайларға көмек қолын созамыз”, - деп жазған  Месут Озил.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Месут Өзіл