$ 514.65  544.6  5.17

Fokker 100 ұшақтары осыған дейін 17 рет апатқа ұшыраған

Тиімсіз менеджменттің кесірінен Fokker әуе компаниясы 1996 жылы банкрот болды. Ал 1997 жылы ұшақты шығару тоқтатылды.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Бұл мәлімет бүгін Qazaqstan арнасының Instagram парақшасына жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Fokker 100 – Нидерландтың Fokker компаниясының орта қашықтыққа арналған ұшағы. Алғаш рет 1986 жылы әуеге көтерілген. Тиімсіз менеджменттің кесірінен Fokker әуе компаниясы 1996 жылы банкрот болды. Ал 1997 жылы ұшақты шығару тоқтатылды.

Әуе компаниясы бұл маркамен 283 әуе кемесін жасаған. Осы уақытқа дейін 17 Fokker 100 ұшағы апатқа ұшырады. Тіпті, әуе кемесін 2 рет басып алуға тырысқан» деп жазылған онда.

Осы орайда, біздегі Bek Air әуе компаниясының меншігінде осы маркадағы он шақты ұшақтың бар екені де ескерілген. Олар осы кезге дейін ел ішінде 14 бағытта қатынап келіпті.

Желі қолданушылардың бірі осы жазба астына «Адам өлгеннен кейін естеріне түседі екен де, жаман самолет екені. Алмай жатып, осы ақпараттарды неге қарамайды екен?» деп реніш білдірген. Орынды пікір. Себебі, Қазақстан әуесінде әлі күнге дейін шығарылымы осыдан 22 жыл бұрын тоқтатылған ескі-құсқы ұшақтардың «құр сүлдері» қалықтап жүр. Ал Еуропа елдерінде бұндай мерзімдегі техникалардың қолданыстан баяғыда-ақ шығарылғаны мәлім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұшақ #Bek Air