$ 444.22  476.38  4.82

Хоккейден Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан жастары жеңілді

Енді біздің команда A тобының фавориттері — Швеция және Финляндиямен ойнайды.

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы (U-20) Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатында словакиялық құрдастарынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

А тобындағы аталған ойын бүгін, 27 желтоқсанда өтті және 1:3 есебімен аяқталды.

Енді біздің команда A тобының фавориттері — Швеция және Финляндиямен ойнайды.

Еске сала кетелік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының алғашқы ойынында да Швейцариядан жеңілген (3:5) болатын. 

Словакия - Қазақстан 3:1 (0:0, 1:1, 0:0, 1:0)

1:0 - Окуляр (Княжко) - 24:49

1:1 - Мусоров (Бутенко) - 29:43 

2:1 - Ткач (Мразик) - 57:04

3:1 - Джуган - 59:54 

Қақпашылар: Главай - Нурек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары