Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы (U-20) Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатында словакиялық құрдастарынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
А тобындағы аталған ойын бүгін, 27 желтоқсанда өтті және 1:3 есебімен аяқталды.
Енді біздің команда A тобының фавориттері — Швеция және Финляндиямен ойнайды.
Еске сала кетелік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының алғашқы ойынында да Швейцариядан жеңілген (3:5) болатын.
Словакия - Қазақстан 3:1 (0:0, 1:1, 0:0, 1:0)
1:0 - Окуляр (Княжко) - 24:49
1:1 - Мусоров (Бутенко) - 29:43
2:1 - Ткач (Мразик) - 57:04
3:1 - Джуган - 59:54
Қақпашылар: Главай - Нурек