28.12.2019, 21:20

WhatsApp топтық чаттарға жаңа функция енгізді

Фото: textexpert.ru
Жаңа функция тек топтық чаттарға арналған.

iOS және Android жүйесіндегі WhatsApp мессенджерінің соңғы бета-нұсқасында өздігінен жойылатын функция пайда болды,-деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Жаңа функция тек топтық чаттарға арналған. Онда хабарламаны белгілі бір уақыт ішінде көрсетуге болады. Яғни сіз белгілеген уақыттан (сағат, күн, апта, жыл) соң, хабарлама өздігінен өшіп кетеді. Осылайша хабарлама жойылып, телефоныңыздың жады біршама жеңілдей түседі. 

Автоматты тазалауды группаның баптауларында қоса аласыз. Бірақ бұл мүмкіндікті топ әкімшісі ғана қолдана алады.  

Тегтер: жаңа